Ақынның 65 жылдық мерейтойына арналған «Өнегелі ғұмыр» циклынан «Ақынға қанат керек» деректі фильмін көріңіздер!
«Жазушы қай тілде түс көрсе, сол тілде жазу керек» – дейді АЙНА жобасының қонағы, жазушы-драматург, қазақ әдебиетінің мақтанышы Дулат Исабеков. Сөз өнерінің қадір-қасиетін терең ұғынған хас суреткер әңгімесін жазуға деген іштегі құпия арманның қалай пайда болғаны туралы естеліктерден бастады.
Әйгілі жазушы Ілияс Есенберлинмен кездесу. Хабарды жүргізген әдебиет сыншысы Сұлтан Оразалин.
Қазақстан жазушылар одағының 85 жылдығына орай жазушы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдебиеті, М.Мақатаев атындағы сыйлықтың лауретаы Бексұлтан Нұржекеевтің шығармашылығы жайлы баяндалады.