7-ақпанда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағы» бірігіп «Абай мұраты және қазіргі айтыс өнері» атты Республикалық ғылыми семинар өткізді. Іс-шара Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылды. Семинарда ақын, «Құрмет» орденінің иегері, филология ғылымдарының докторы, профессор Әлтай Аманжол Дүйсенбайұлының «Қазіргі айтыс өнеріндегі заман келбеті» атты кітабының тұсаукесері рәсімі болды. […]
Есенқұл Жақыпбековты еске алу кеші өтті 10 ақпан – ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, «Еңбектегі ерлігі үшін» медалінің иегері, тұңғыш телевизиялық айтыстың жеңімпазы – Есенқұл Жақыпбековтың туған күні. Осыған орай, Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ұжымы «Алпысқа қарай асықтың неге ғұмырым…» атты ақынды еске алу кешін өткізді. Кешке «Ақ орда» республикалық қозғалысы төрағасының […]