АБДРАХМАНОВ МАХМҰТ

АБДРАХМАНОВ МАХМҰТ

АБДРАХМАНОВ МАХМҰТ

(1934 – 2013)

20 шілдеде Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Ташкенсаз ауылында туған. 1958 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Ұйғыр тіліндегі «Коммунизм туғи» газетінде әдеби қызметкер, Қазақ КСР Ғылым академиясының Ұйғыртану бөлімінде аға ғылыми қызметкер болып істеген. 1983 жылдан Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде ұзтаздық етті.

Филология ғылымдарының докторы, профессор. Ұйғыр, қазақ және орыс тілдерінде, әртүрлі басылымдарда жарияланған 200-ден астам мақалаларында ұйғыр ақын, жазушыларының шығармашылық жолы, ұлт әдебиетінің даму ерекшеліктері, әдеби байланыстар зерделенген.

Бірнеше өлеңдер жинағының авторы. Абай, Пушкин, Р.Ғамзатов, Х.Ерғалиев, Қ.Мырза Әли, Т.Молдағалиев, т.б. өлеңдерін ұйғыр тіліне аударған. Өз өлеңдері қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген.

М.Абдрахманов – орта мектепке арналған әдебиет бағдарламаларының және оқулықтар авторларының бірі.

Шығармалары: Жүрек жырлары. Өлеңдер. «Жазушы», 1967; Ұйғыр совет әдебиеті тарихы. «Ғылым», 1967; Өрлеу үстінде. Әдеби-сыни мақалалар. «Жазушы», 1977; Белестер. Өлеңдер. «Жазушы», 1983; Адымдар. Өлеңдер. «Жазушы», 1984; Ұйғыр совет әдебиетінің тарихы. «Ғылым», 1986; Жылдар жаңғырығы. Мақалалар мен өлеңдер. Чонжа, 1999; Түйіндер. Өлеңдер мен мақалалар. «Білім», 2004; Шеберлік шыңына ұмтылып. «Мир», 2009; Ұйғыр әдебиеті. Оқулық пен хрестоматия, 8сынып үшін. «Мектеп», 2000; Ұйғыр әдебиеті. Оқулық пен хрестоматия, 10сынып үшін. «Мектеп», 2003.