Бүгін – Дүниежүзілік жазушылар күні.
Бұл дата 1986 жылы 12-18 қаңтар күндері аралығында өткен Халықаралық ПЕН-клубтың 48-ші конгресінің шешімімен атап өтіледі. ПЕН-клубтың негізі 1921 жылы қаланды. Ұйымның атауы – ағылшын сөзінің бірінші әрпінен құралған poets – ақындар, essayists – эссешілер, novelists – новеллашылар аббревиатурасы. Бұл қысқартылған сөз ағылшын тілінен аударғанда pen – қалам сөзімен сәйкес келеді.
Ұйым атауы ағылшындық жазушы Кэтрин Эми Доусон-Скоттқа тиесілі. ПЕН-клубтың алғашқы президенті – Джон Голсуорси. 1923 жылы Лондонда ПЕН-клубтың алғашқы халықаралық конгресі өтті. Сол уақытта ПЕН-орталық әлемнің 11 елінде бар болатын. Ал қазір дүниенің 130 елінде, соның ішінде Қазақстанда да бар.