«Құнанбай» атты тарихи ғұмырбаяндық кітаптың тұсауы кесілді

4-ақпан. Елордада Халықаралық Түркі академиясы, Қазақстан жазушылар одағының Нұр-Сұлтан қалалық филиалы және ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы бірігіп ҚР ҰҒА академигі Сыдықов Ерлан Бәтташұлының «Құнанбай» атты тарихи-ғұмырбаяндық кітабының тұсаукесерін өткізді.

Кітап Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы қарсаңында Мәскеудің «Молодая гвардия» баспасынан «Жизнь замечательный людей» сериясымен басылып шықты. «Құнанбай» тарихи-ғұмырбаяндық кітабы 3 мың данамен жарық көрген. Ұлы тұлғаның өмірі мен қызметіне үлкен аудитория қызығушылық танытқан. Бүгінгі таңда Ресей оқырмандарына да жол тартқан. Автордың баяндамасында бұл кітапты жазу барысында Омбы, Новосібір, Шығыс Қазақстан, Орталық Қазақстандағы архив құжаттар қолданылып, тарихи деректер көрсетілген. Шараға Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ұстаздары, зиялы қауым өкілдері қатысты.