2-ақпанда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағы» бірігіп «Абай мұраты және қазіргі айтыс өнері» атты Республикалық ғылыми семинар өткізді. Іс-шара Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылды. Семинарда ақын, «Құрмет» орденінің иегері, филология ғылымдарының докторы, профессор Әлтай Аманжол Дүйсенбайұлының «Қазіргі айтыс өнеріндегі заман келбеті» атты кітабының тұсаукесері рәсімі болды. Тұсаукесер рәсіміне Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері, айтыс ақындары, Еуразия ұлттық университетінің оқытушылары мен білім алушылары қатысты.
Суреттер Еуразия ұлттық университетінің ресми сайтынан алынды.