Branch News

АБАЙ ЕСКЕРТКІШІ САЛЫНАДЫ

Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Ұлықбек Есдәулеттің Ақтөбе облысының әкіміне жазған хатында облыс орталығындағы Абай даңғылының бойынан хакімнің ескерткішін тұрғызу туралы ұсыныс бар болатын. Былтыр қаламгерлермен кездескен сәтінде Оңдасын Сейілұлы құзырлы мекемелерге бұл істі көпке созбай қолға алу керектігін ескерткен. Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының өткен жылы жүзеге асырылуы және биылғы жылға жоспары […]

«Құнанбай» атты тарихи ғұмырбаяндық кітаптың тұсауы кесілді

«Құнанбай» тарихи-ғұмырбаяндық кітабы 3 мың данамен жарық көрді.

«Абай мұраты және қазіргі айтыс өнері» атты Республикалық ғылыми семинар өтті

2-ақпанда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағы» бірігіп «Абай мұраты және қазіргі айтыс өнері» атты Республикалық ғылыми семинар өткізді. Іс-шара Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылды. Семинарда ақын, «Құрмет» орденінің иегері, филология ғылымдарының докторы, профессор Әлтай Аманжол Дүйсенбайұлының «Қазіргі айтыс өнеріндегі заман келбеті» атты кітабының тұсаукесері рәсімі болды. […]